1KZT
(RUB) //-//
(USD) //-//
(EUR) //-//
(KGS) //-//
Заң
Жаңа одақ сындарлы қадамдарға бастайды
18.05.2012 08:30

Бұрын хабарлағанымыздай, осы аптада, яғни, 16 мамыр күні  Елордада заңгерлердің алғашқы республикалық съезі болып өтті.  Мың жа­рымға жуық мемлекеттік органдардың, корпоративтік және үкіметтік емес ұйымдардың заңгерлері, жеке практикадағы заңгерлер, сондай-ақ, ғалымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдерінің басын қосып, заң мен құқық қорғау саласының өзекті мәселелерін талқылаған мәртебелі жиынның басты олжасы елімізде алғаш рет құрылған Заңгерлер одағы болды. Жиынға қатысушылардың бірқатары айтып өткендей, елімізде құқық, заңнама саласы бойынша бірлестіктер мен ұйымдар аз емес. Алайда, олар бұл қызметтің әртүрлі саласы бойынша жұмыс істейді. Шын мәнінде, барлық заңгерлердің басын біріктіріп, саланың барлық құқық, заңнама мәселелеріне қатысты ортақ түйткілдерін қарастырып, құзырлы мекемелерге жеткізуге мұрындық болатын мұндай ұйым жоқ еді. Сондықтан, жиынға қатысушы делегаттар  жаңа одақтың құрылуын Қазақстанның сот және құқық қорғау қызметіндегі іргелі бетбұрыс, уақыт талабына сай сындарлы қадам деп атап көрсетті. Сонымен қатар, бұл одақтың  жұмысына сәттілік тілей отырып, оның негізгі басымдықтары жөніндегі ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Тек заңгерлер қауымдастығының ғана емес, тұтас қоғамның өзекті мәселелерін қозғайтын осы пікірлердің кейбірін қысқартып, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Толығырақ...
 
Дербес деректерді рұқсатсыз пайдалану қылмыс па?
18.05.2012 08:29

Елімізде азаматтың жеке өміріне қатысты деректер тек оның арнайы келісімімен ғана қолданылады. Кім де кім немесе қандай да бір ұйым оларды рұқсатсыз пайдаланса, 50-ден 200 – АЕК-ке дейін әкімшілік айыпппұл тө­лейтін болады. Автоматизация кө­ме­гімен жасалған мұндай әре­кет­тердің өтемі, тіпті, жоғары.

Толығырақ...
 
БалаСЫ заң бұзса, ата-анасы жауап береді
18.05.2012 08:28

Жоғарғы Соттың ресми өкілі Оксана Петерстің қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдарына арналған дәстүрлі кездесу өтті. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Астана қаласын одан әрі дамыту жөнінде селекторлық кеңес өткізгенде Елорданың мәртебесіне нұқсан келтіретін тәртіпсіздік пен салақтықты болдырмау мақсатында әкімшілік шараларды күшейтуді тапсырған болатын.

Толығырақ...
 
«аудармашыларды табу күрделі мәселе»
18.05.2012 08:23

Алтайбек ӘНУАРБЕКОВ, Шығыс Қазақстан облыстық соты мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі комиссиясының төрағасы, апелляциялық сот алқасының судьясы:

– Алтайбек Әнуарбекұлы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот саласындағы мем­­лекеттік тілдің қазіргі даму деңгейі қандай? Еліміз­дің «Тілдер туралы» заңының талаптары қалай жүзеге асы­рылып жатыр?

Толығырақ...
 
Балалар құқыққорғаушылардан сескенбеді
18.05.2012 08:23
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың көпшілігі балалар тәрбиеленетін мекемелерде көптеп жасалатыны тәжірибеде кездесіп жатады. Біздің бұл сөзімізді Алматы қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары растайды. Жақында аталған сотта Алматы
Толығырақ...
 
Есірткімен күрес енжарлықты кешірмейді
18.05.2012 08:20
Отбасының бүлінуіне, қылмыстың ар­туына, кешегі тұлғаның бүгін әлдекімдерге тәуелді құл болуына итермелейтін есірткінің не құдіреті бар? Одан бас тарту неге сонша қиын? Қоғам тарапынан есірткіге қарсы насихат көп болса да нашақорлар санының артып отырғаны қалай? Бұл тек біздің елімізді мазалайтын мәселе емес.
Толығырақ...
 
«Сыбайласқан жемқорлық — көп қырлы құбылыс»
18.05.2012 08:16

Светлана БЫЧКОВА, Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Светлана Федоровна, сыбайлас жемқорлық мәселесі бүгінде өткір тұр. Дамыған мем­лекеттердің өзінде қоғамның өзегіне түскен жегіқұрттай жайылып бара жатқан бұл індетті жою оның табиғатын ғылыми түрде зерделеп, анықтауды қажет ететін секілді...

Толығырақ...
 
«ЖАН ЖАРАСЫНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ ҚИЫН»
17.05.2012 07:21

Жәния ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы:
Кез келген мемлекет, соның ішінде мұсылман елдері нәзік жанды әйелдерді зорлауға барынша қатал қарайды. Қазақ­станда да абыройды таптап, ар-намысты қорлау ауыр қылмыс, кешірілмес күнә саналынады. Кезінде үркердей тобықтыны уысында ұстаған Құнанбайдың да кінәларын тап басып, ұстайтындай дәлелі болмаса да қайынатасы мен келінінің соңынан ел арасына сумаңдап тараған сыпсың сөз үшін Қодар мен Қамқаға дүйім жұртқа тас аттырып, ажалға байлағанын уақыт шіркін ұмыттырғанымен, тарих төреші өзінің жыл­намасына өшпестей етіп, жазып қалдырып кетті. Одан беріде де талай өзен сарқылып, талай көлдің суы таусылып, ұрпақ ауысты демесеңіз, әйелдің абыройын төккендерге белгіленетін жаза сол темірдей қалпынан айныған емес. Қазіргі қолданыстағы Қыл­мыстық кодекстің 120-бабының бөліктерінде осы санаттағы қылмысты жасағандарға әрекеттің сипатына қарай үш жылдан басталып, он бес жыл мерзімге дейін бас еркінен айыру жазалары белгіленген. Былайша қарасаңыз, тіршіліктің бес күндік жалған екенін түсінген адамға жауқазын ғұмырды қор етіп, өмір жасты өксітетіндей-ақ жаза. Алайда, сабағынан үзілген алма іспетті сағы сынған жанның көкірегін кеу-кеулеп, өмір­бақи көлеңкесіндей соңынан қалмайтын елес сияқты дертінің салмағын өзгенің тар қапаста өткізген он бес жылы жеңілдете қоя ма? Басылым тілшісі мен Алматы қала­сы Әуезов аудандық сотының судьясы Жәния Темірханқызының арасындағы әңгіме барысында осы сауалдарға жауаптар іздестірілді.

 – Жәния Темірханқызы, ауыр қылмыстардың санатына жататын әйел зорлау көбінесе қандай сипатта жасалынады?
– Әйел адамды зорлап, оның ықтиярынсыз жыныстық қатынасқа түсу өзгенің ар-намысын аяқасты етіп қорлау заңнамаларымызда  жеке адамның өміріне қарсы бағытталған ауыр қылмыс санатына жатқызыл­ған.

Толығырақ...
 
Құрылтай мақсаты — қоғамдасу
17.05.2012 07:24
Елордада тұңғыш рет Қазақстанның барлық заңгерлік қауымдастығы өкілдерінің басын біріктірген съезд өтті. Съезге заң саласының тәжірибелі мамандары, адвокаттар, нотариустар, мемлекеттік аппараттың, бизнес-қо­ғам­дастығының, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым­дар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қа­тысты. Съезді Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай ашып, заңгерлер қауымдастығына сәттілік тіледі. Мем­ле­кеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед Тұң­ғыш Президент – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың құттықтау хатын оқып берді. Құзырхатта: «Сіздерді съезд жұмысының басталуымен құттықтаймын. Өткізіліп отырған съезд Қазақстанның барлық заңгерлер қауым­дастығын жинап отыр. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы кезеңде бізде заманауи демократиялық мемлекеттің және нарықтық экономиканың талаптарына сай келетін ұлттық-құқықтық жүйе қалыптасты. Қазақстандық мемлекеттіліктің заң­дары мен институттарының негізін салуда заң­герлердің рөлі айрықша. Ха­лық даналығы айт­қандай, біздің күшіміз – бірлікте. Сондықтан, өтіп жатқан съездің күн тәр­тібіндегі басты мәселе – еліміздің заңгерлер қоғамдастығының басын біріктіру болып табылатын жаңа қоғамдық ұйым құру», – делінген. Осыдан кейін Қазақстанның жаңа қоғамдық ұйымын – «Қазақстанның заң­герлер одағын» құру ұсынылды. Қазақстан заң­герлер одағын құру Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын және 2010-2020 жылдар аралығына арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау болып табылады. Съезге қатысушылар Заңгерлер одағын құруды бір ауыздан қолдады. Парламент Мә­жілісінің заңнама және сот-құқықтық рефор­ма жөніндегі комитетінің төрағасы Рахмет Мұ­қа­шев одақтың төрағалығына сайланды.
Толығырақ...
 
АзаптаҒАННан ақиқат ашылмайды
17.05.2012 07:18
Біздің ойымызша, «Азап­тауларға қарсы іс-қимыл туралы» деген шартты атаумен жеке заң әзірлеп, қабылдаған орынды, онда азаптаулардың алдын алуға, содан соң оларды түбірімен жоюға көмектесетін  ұйымдастыру және құқық тәртібі  нормаларын жинақтауға болады.
Толығырақ...
 
Тапсырыс бергендер шекара асып кетіпті
17.05.2012 07:18

Өскеменде «Нұр Отан» партиясының лауазымды өкілі Валерий Проскуряковты өлтір­ген қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты. Жуықта қылмыстық істер жөніндегі маман­дан­ды­рылған сот оны басқа адаммен шатастырып алған киллер Константин Колесник және сыбайласы Анатолий Метелевке қатысты айыптау жазасын оқыды.

Толығырақ...
 
Ереже бұзған жүргіншілер де аз емес
17.05.2012 07:18
Атырау облысында жол полициясы облыс орталығы мен оның маңайында рейд өткізіп, онда автокөліктердегі дабыл қаққыш-дыбыс күшейткіш құралдар, күңгірт әйнектер, стробоскоптарға (күн сәулесіне бағаттылған аспаптар) байланысты талаптар мен Жол қауіпсіздігі ережелерінің басқа да заң­бұзушылықтарына тексеру жүргізді.
Толығырақ...
 
Сот жүйесін жаңғыртудың бағыты айқын
17.05.2012 07:17

Елбасы биылғы Жолдауында мемлекетіміздегі құқықтық саланың серпінді дамуын қамтамасыз ететін құқық қорғау жүйесін жақсартудың бірнеше бағыттарын көрсетті. Оның ішінде сот саласының қызметкерлеріне де ерекше тоқталған. Бүгінгі күні қо­ғам­ға халықаралық стандартқа сай ел мүддесін қорғайтын құқық қорғау жү­йесін енгізудің қажеттілігі жайында атап өтті. Бұл жаңа құқықтық жүйе елі­міздегі барлық құқық қорғау ор­ган­дары жұмысының тиімділігін жаңа деңгейге көтеруге, азаматтардың қыл­мыстық қолсұғушылықтан қор­ға­нуға деген конституциялық құқықтар мен бостандықтарының басымдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп, оң әсер етеді.

Толығырақ...
 
Иттің құны — 30 мың теңге
17.05.2012 07:08

Көкшетау қалалық сотында қаралған азамат Александр Ворсиннің қылмыстық ісі адамдардың адал мен харамды ұмытуының  айқын көрінісі болды десек, артық айтқандық болмас. Азамат Ворсиннің қылмыстық ісі бұрын-соңды болмаған ерекшелігімен есте қалды. Сонымен, ол не бүлдіріп қойыпты дейсіз ғой?

Толығырақ...
 
Тәртіп сақшыларына жаңа көліктер тапсырылды
17.05.2012 07:08
Қызылорда облысында қоғамдық тәртіпті сақтау құқық­бұзушылық және қылмыспен күресу, сонымен бірге, сауықтыру іс-шараларын өз  талаптары тұрғысында жүргізуде  жақсы нәтижелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұған жергілікті ат­қарушы билік ыждағаттылықпен өз үлестерін қосып жүр. Атап айтар болсақ, облыстық Ішкі істер департаментіне қарасты құрылымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен елеулі қаржы бөлініп келеді. Жақында облыстық тәртіп сақшыларына жаңа автокөліктердің  берілгені соның дәлелі.
Толығырақ...
 
Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі